«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісін өтпелі тақырыптар негізінде ұйымдастыру» тақырыбындағы аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған облыстық практикалық семинар

on .

Батыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 23 мамырында Шыңғырлау ауданының «Болашақ» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісін өтпелі тақырыптар негізінде ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салаларын кіріктіру арқылы тиімді іске асыру, мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне практикалық көмек көрсету. Семинарға барлығы 40 адам қатысты.

Семинар теориялық және практикалық тәжірибе алмасу түрінде ұйымдастырылды.

Практикалық бөлімінде «Әрқашан күн сөнбесін» өтпелі тақырыбы бойынша ІІ кіші, ортаңғы және ересек топтарында «Дене шынықтыру», «Сөйлеуді дамыту», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», «Музыка», «Қоршаған ортамен таныстыру» ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді, «Мультстудио менің әлемім» мультфильм жасау технологиясымен бөлісіп, педагог-дефектолог, педагог-психолог мамандары балалармен, педагогтермен, отбасымен жүргізілетін жұмыстардың түрлі әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Теориялық бөлімінде дене шынықтыру нұсқаушысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Тай мінгізер» жобасын таныстырып, музыка жетекшісі «Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мультимедиялық дидактикалық ойындарды қолдану» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушы педагогтерімен нормативті-құқықтық құжаттар мен жұмысты жоспарлау бойынша білімдерін бекіту бағытында «Нормативті лото» іскерлік ойыны ұйымдастырылды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.

1
2
3
4
51
5
52
6
6
8
7
9