«Өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандардың жағдайын шешудегі педагогтердің рөлі» атты семинар-практикум

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 14 мамырында ата-аналар мен жеткіншектерді психологиялық қолдау мәселелері бойынша педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтердің  кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында «Өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандардың жағдайын шешудегі педагогтердің рөлі» атты облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға облыстың білім беру ұйымдарының 40 педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтері қатысты.

Семинар барысында отбасы тәрбиесінің стилдері және оның балаға әсері, бала өміріндегі жәбірленудің алдын алудағы әлеуметтік педагогтің рөлі және аутодеструктивті мінез-құлық бойынша квест ойыны жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.

20180514095525
20180514134314
20180514134326
20180514134335
20180514135939
20180514140005
20180514141546
20180514135950
20180514142119
20180514155422
20180514160301
20180514161338