Облыстық «Педагогикалық шеберлік мектебі» жұмысы туралы

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері «Педагогикалық шеберлік мектебі» жобасы бойынша жас мамандарды оқыту ұйымдастырылды.

Жобаға еңбек өтілі бірнеше айдан 3 жылға дейінгі облыстың білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының арнайы мамандары қатысты.

Мектеп жұмысының мақсаты – жас педагогтердің өзін – өзі жетілдіру және дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру, олардың кәсіби жетілуіне әдістемелік көмек көрсету.

Теориялық бөлімінде инклюзивті білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық қолдаудың түрлері мен кезеңдер бойынша кеңестер берілді. Практикалық бөлімінде жылдық және перспективті  күнтізбелік жоспарын, жеке дамыту бағдарламасын, дефектолог, логопед- мұғалімнің әрбір баланы тексеру хаттамасы мен диагностикасын құру бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді.

Педагогикалық шеберлік мектебінің соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылданды.

IMG-20180522-WA0047
IMG-20180522-WA0066
IMG-20180522-WA0057
IMG-20180522-WA0091
IMG-20180523-WA0015
IMG-20180523-WA0075
IMG-20180523-WA0048