«Балалар демалысы: баланың дамуы мен тәрбиелеу кеңістігі» атты облыстық әдістемелік алаңы

on .

2018 жылдың 24 мамыр күні БҚО білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында «Балалар демалысы: баланың дамуы мен тәрбиелеу кеңістігі» атты облыстық әдістемелік алаңы ұйымдастырылды.

Шараға төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі істер департаменті, жедел құтқару жасағының өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен сауықтыру лагерьлерінің басшылары қатысты.

Теориялық бөлімде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары, балалардың сауықтыру орталықтарындағы санитарлық-эпедимиялогиялық талаптарының жағдайы, өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз етілуі, су айдындарында  балалардың қаза болу жағдайларын болдырмау бойынша іс-шаралар кешені талқыланды.

Әдістемелік алаң барысында Ақжайық, Бөрлі, Теректі аудандарының педагогтері мен «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінің қызметкерлері іс-тәжірибе алмасты.

Шара соңында ұсынбалар қабылданып, қорытындыланды.

IMG-20180524-WA0012
IMG-20180524-WA0025
IMG-20180524-WA0026
IMG-20180524-WA0030
IMG-20180524-WA0034
IMG-20180524-WA0044
IMG-20180524-WA0057
IMG-20180525-WA0002
IMG-20180525-WA0007
IMG-20180524-WA0004