«Эксперимент алаңдарының жұмысын жүргізу барысындағы тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелері, ізденісі, шешімі» тақырыбында дөңгелек үстел

on .

2018 жылдың 30 мамыр күні Білім басқармасының 2017 жылғы 29 тамыздағы №730 «Мектепке дейінгі ұйымдарында «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасын құру туралы» бұйрығына сәйкес ашылған 18 мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен Зертхана жұмысына жауапты педагогтері, аудандық (қалалық) білім бөлімдері әдіскерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел оздырылды. Барлық қатысушылардың саны 36.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және инновациялық қызмет, тәжірибелік-сынамалық жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету және озат педагогикалық тәжірибені тарату бағытында ашылған «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасының жұмысы мен атқарылған шаралар туралы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері таныстырды.  Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Теректі аудандары мен Орал қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері Зертхананың бір жылдық жұмысы туралы қорытынды есептерін берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар эксперимент алаңдарының өзекті мәселелерін талқылап, зертхана жұмысын жетілдіру бағытындағы ұсыныстарды қабылдады.

1
2
3
IMG-20180530-WA0035
IMG-20180530-WA0034
IMG-20180530-WA0036
IMG-20180530-WA0046
IMG-20180530-WA0053
IMG-20180530-WA0062