Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері «Үздік механизатор» облыстық байқауының қорытындысы туралы ақпарат

on .

2018 жылдың сәуір айында «Жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін 14 құзыреттілік бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты өткізілген болатын. Осы чемпионаттың жалғасы ретінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2018 жылғы жоспарына сәйкес студенттердің кәсіби даярлығы дейгейін көтеру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау және заманауи жағдайда олардың беделін арттыру мақсатында 2018 жылдың 4-5 маусымында Зеленов ауданы, Зеленов колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ауыл колледжінің студенттері арасында «Үздік механизатор» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға Білім басқармасының басшысы Ш.Кадырова, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Б.Есенғалиев, техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің мүшелері, колледж директорлары, Зеленов ауданының әкімшілігі және Зеленов колледжінің ардагерлері қатысты.

Облыстық байқаудың бағдарламасы 3 кезеңнен  тұрды:

I кезең - «Тестілеу» қатысушылардың теориялық білімдерін анықтайтын тур.

II кезең - Кәсіби шеберлік (тракторды 5 әдіспен жүргізу).

III кезең – Практикалық бөлім (Жер жырту).

Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, ертификаттар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды:

I орын - Темірболатов Дарын, Рубежка колледжінің студенті, өндірістік оқыту шебері Кобанов Александр Петрович;

II орын - Новеньков Игорь, Зеленов колледжінің студенті, өндірістік оқыту шебері Погодаев Виктор Яковлевич;

III орын - Омар Әлишер, Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің студенті, өндірістік оқыту шебері Кунбатиров Есболсын Қанатұлы.

IMG0118
IMG0089
IMG0177
IMG9566
IMG9874
IMG9608
IMG9905