«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Цифрлы оқу орны» инновациялық жобалар байқауы туралы ақпарат

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 7 маусым күні Орал газ, мұнай және салалық технологиялар  колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Цифрлы оқу орны» облыстық инновациялық жобалар байқауы оздырылды.

Облыстық инновациялық жобалар мақсаттары мен міндеттері - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің инновацияларға қызығушылығын ынталандыру, цифрлық сауаттылығын арттыру және олардың үздік инновациялық жеке білім беру жобаларын анықтау, жобаларды әзірлеуде креативті ізденісті ынталандыру.

Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, бағалы сыйлықтар және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттарымен марапатталды:

I секция

I орын - Кажимов Андас, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті, «Дамыту ойындарының үздік жобасы, соның ішінде әлеуметтік желілер үшін» бағыты бойынша «ЛатынҚаз» ойыны тақырыбында (жетекшісі А.Искалиева);

II орын - Шайхиев Марсель, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті, «Үздік анимациялық жоба» бағыты бойынша «Қазақ ұлттық ойындары» тақырыбында (жетекшісі Б.Есенов);

III орын - Байденов Алишер, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті, «Мәліметтер базасын әзірлеуде үздік жоба» бағыты бойынша «Жатақхана» мәліметтер қорын басқару жүйесі» тақырыбында (жетекшісі С.Бекенова);

II секция

I орын – Әжімұрат Асылхан, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті,Электронды-цифрлық ресурс әзірлеу саласындағы үздік жоба (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары) бағыты бойынша «Латын әліпбиі» электрондық оқу құралы тақырыбында (жетекшісі Г.Султанова)

II орын - Ізтлеуова Әсем, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің студенті, «Электронды-цифрлық ресурс әзірлеу саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша “Компьютерлік желі және желілік технологиялар” электронды оқу құрал тақырыбында (жетекшісі  Б.Таутешова)

III орын - Еркебай Жанаргүл - Теректі колледжінің студенті, «Мобильді қосымшаларды әзірлеу саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша «Ақпараттық мобильдік нұсқасы» тақырыбында (жетекшісі Г.Хайредденова, Т.Рахимгалиев).

IMG1696
IMG1694
IMG1775
IMG1699