«Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: қазіргі заманғы модель, даму үрдістері және перспективалары»

on .

2018 жылдың 7 тамыз күні Орал қаласының №47 ЖОББМ базасында облыстық білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы адам капиталы»секциялық жұмыстар  «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: қазіргі заманғы модель, даму үрдістері және перспективалары» тақырыбында өтті.

Секция жұмысының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастаруды сыныптан тыс шаралар арқылы іске асыру, білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру жолдары қаралды.

Секция жұмысына тәрбие және әлеуметтік-психологиялық қызметіне басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлері және инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандар, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік-педагогтер, арнайы мектеп – интернат директорлары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемелері, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің меңгерушілері, дефектологтері, логопедтері, тәрбиешілері, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, түзету сынып педагогтері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, әдіскерлері және педагогтері қатысты. Барлығы – 320 адам.

Секциялық жұмыстарда тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие берудегі қазіргі заманауи тәсілдері, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сынып жетекшінің рөлі, балалардың құқықбұзушылығы мен психологиялық  денсаулығының алдын алу бойынша жұмыстар, жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және үйлестірудегі жаңа тәсілдері, ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі заманғы педагогикалық түзету және тәрбиелеу технологиялары, мектеп, отбасы және қосымша білім беру ұйымдарының балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамуындағы рөлі бойынша шығармашылық шеберханалар мен шебер сыныптары өткізілді.

Секцияларды қорытындылау барысында пікір алмасу өтіп, ұсынымдар қабылданды.

IMG0063
IMG0068
IMG0078
IMG0014
IMG-20180809-WA0014
IMG-20180809-WA0043