Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 3-ші сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

on .

2018 жылдың 24 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі  және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі базасында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында 3-ші сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы 3-ші сыныпқа арналған оқу бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында Республикалық тамыз кеңесінің бірыңғай секциялық отырысы оздырылды.

Республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, пилоттық мектептер директорлары мен директордың орынбасарлары, бастауыш сынып әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептерінің 3-ші сынып мұғалімдері, барлығы 950 педагог қатысты.

Пилоттық мектептер педагогтері 3-ші сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері үшін қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, дүниетану, информатика, көркем еңбек, дене шынықтыру пәндері бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы мен критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында интерактивті шеберлік сыныптарын өткізіп, оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолданып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Секциялық отырысы барысында қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерін жасақтау және білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу шеңберінде дифференциалды білім беруді ұйымдастыру мақсатында оқыту семинар-практикумы жалғасын тапты.

Қатысушыларға әдістемелік материалдар жинағын электронды түрде жүктеу орындары ұйымдастырылды.

Секциялық отырыс кәсіби қарым-қатынас және тәжірибе алмасу алаңы ретінде қажетті болды, онда қатысушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.

0b1f0e04-8c25-4f24-9f8f-c5e4144e57a5
18a536bc-a10b-425c-ba77-342c83b448c9
47e73db0-2c5d-4037-972f-14890de65290
48f21bf1-0d68-4f45-9db3-94e7767a43a4
783aa622-4c06-4915-8f6a-824bdd519c14
397b2f5b-710f-4383-b34e-ff69dd7291f4
5726139c-a0c3-4600-8752-793d8d43e136
a66fa335-e329-427d-80e5-8b22f968ea19
a70c4e83-2ab4-471d-898a-ba6e83d5a163
a4384fa2-83ed-4f58-861b-4f7ec83c71c6
c18ba03b-6f43-402e-ab39-59b04d186c6d
de72b160-eb0a-475c-b547-e910f3c45a67
ef3a5a30-20a1-4f05-a4e7-9efb1602f9b7
fd839445-84d0-4b8d-9398-a4e17eca3acd
IMG8671
IMG8697
IMG8709
IMG8720
IMG8727
IMG8731
IMG8736