Математика пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдерінің «Математиканы жаңартылған білім беру жағдайында оқыту: басымдықтар, педагогикалық тәжірибе» тақырыбындағы секциялық отырысы

on .

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылы 20 тамыз күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Математиканы жаңартылған білім беру жағдайында оқыту: басымдықтар, педагогикалық тәжірибе» тақырыбында математика әдіскерлері мен мұғалімдерінің секция жұмысы оздырылды.

Математика әдіскерлері мен мұғалімдерінің секциялық отырысының  мақсаты – жаңартылған білім беру аясында озық педагогикалық тәжірибені енгізу және тарату бағытында білім беру үрдісін жетілдіру. Секция жұмысына 38 аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет әдіскерлері мен пән мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі бағыттарымен танысты. 

Практикалық бөлім әдістемелік шеберхана түрінде ұйымдастырылды, оның барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында белсенді әдістер мен оқыту және заманауи сабақты жоспарлау және талдау қарастырылды. Математика пәнін оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімді тәсілдері, шығармашылық байқау, математикалық сауаттылық тапсырмалары, олимпиадалық есептерді шешу тәсілдері бойынша шеберлік сағаттары көрсетіліп, сонымен қатар білім беруді цифрландыру жағдайында BilimLand ресурстарын қолдану тиімділігі және қазіргі мектепте жаратылыстану-математика пәндерін оқытудың мәселелері бойынша панельдік сессиялары өткізілді. 

Секциялық отырыс  бойынша ұсыныстар қабылданды.

20180820153125
IMG-20180820-WA0005
IMG-20180820-WA0028
IMG-20180820-WA0039
20180820153042