Облыстық «Ең үздік тәрбиеші» байқауы

on .

2018 жылдың 12 қазан күні Орал қаласының №50 «Заңғар» бөбекжайы базасында облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында «Ең үздік тәрбиеші» атты облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарында жұмыс істейтін талантты, шығармашыл педагогтарды айқындау, педагогикалық шеберлігін шыңдау, тәрбиеші мамандығының мәртебесін арттыру.

Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 13 тәрбиешісі қатысты.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен Бас жүлдені Орал қаласы №40 «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі Ж.Хамиева;   І орынды Бөрлі ауданы №4 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі А.Боранбаева;         ІІ орынды  Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайыының тәрбиешісі А.Шайжанова; ІІІ орынды Орал қаласы №12 ЖОББМ шағын орталық тәрбиешісі М.Негметова иеленді.        «Іскер тәрбиеші» номинациясымен Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайының тәрбиешісі Г.Сариева; «Өнерлі тәрбиеші» номинациясымен Бөкейордасы ауданы «Салтанат» бөбекжайының тәрбиешісі Н.Суйналиева; «Жаңашыл тәрбиеші» номинациясымен Шыңғырлау ауданы «Бөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Н.Акбулатова мараптталды.

Байқауға қатысушылар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің Диплом, Грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен және Сертификаттарымен марапатталды.