«О́SУ́ VEKTORY» МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КҮЗГІ СЕССИЯСЫ

on .

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологияларды таныстыру мақсатында 2018 жылдың 15-17 қазан күндері Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайы базасында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша мамандары, әдіскерлері мен мектепке дейінгі директорларына арналған «О́SУ́ VEKTORY» мектебінің күзгі сессиясы ұйымдастырылды, жалпы алғанда 110-ға жуық адам қатысты.

«О́SУ́ VEKTORY» мектебі жұмысында «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығының директоры, халықаралық деңгейдегі психолог - Г.Б.Бейсенбаевпен «Педагогикалық полилог», Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің доценті, Абайтанушы, философ - Омар Жалелмен «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында сұхбаттасу алаңы оздырылды.

Жергілікті ақын Шолпан Қыдырниязовамен кездесу кеші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС ақпарат орталығы, Облыстық Хамза Есенжанов атындағы жасөспірімдер мен балаларға арналған кітапханасы, Облыстық орта білім беру сапасын ақпараттандыру орталығы мамандарының дәрістері тыңдалып, оқу курстары, шеберлік-сыныптары, дебат, дайджест, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

«О́SУ́ VEKTORY» мектебі соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.