Облыстық «Квант» кәсіби педагогтер байқауы

on .

2018 жылғы 24 қазан күні Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында физика пәні мұғалімдері арасында «Квант» кәсіби педагогтер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру арқылы жаңа білім сапасына қол жеткізу, физика және техника саласында мұғалімдердің жетістікке жетуге ынталандыру, оқу-танымдық қызметін арттыру және физикалық  білімдерін насихаттау. Байқауға 12 команда, 48 мұғалім қатысты.

Байқау қорытындылары бойынша:

І орын - Тасқала ауданының  командасы; ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы, ІІ орын - Бөрлі ауданының  командасы; ІІІ орын – Ақжайық ауданының  командасы  иеленді.

Аталымдар  бойынша: «Үздік физик-теоретик» - Татаренко Е.В. (Орал қаласы №6ЖОББМ), Клоков Д.В. (Бөрлі ауданы,  Ақсай қаласының №1МБК), Назаркин Н.Я. (Бөрлі ауданы, Приурал ЖОББМБК), Бисенова Г.М. (Зеленов ауданы, Трекин ҚЖОБМ) «Үздік физик-эрудит» - Мырзағалиева А.Т.  (Теректі ауданы, Подстепной №1 ЖОББМ),  Кубашев Е.Н. (Зеленов ауданы, Дарьинск ЖОББМ), Куниров А.Т. (Зеленов ауданы, Трекин ҚЖОББМ), «Үздік физик-экспериментатор» - Орал қаласы және Жәңібек ауданының командалары иеленді.

Байқау қорытындылары бойынша жүлдегерлер грамоталар және дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20181024-WA0002
IMG-20181024-WA0016
IMG-20181024-WA0028