«І Қайрат оқулары» облыстық байқауы

on .

2018 жылдың 24 қазан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес «Әдеби Ақжайық» жобасы аясында Орал қаласының Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ базасында жерлес ақын Қ.Жұмағалиевке арналған облыстық «І Қайрат оқулары» байқауы оздырылды.

Байқауға 11 мектеп кітапханашылары қатысты.

Байқау «Кітапханалық дефиле», «Жырына жанарымен нәр жинаған» 2 бөлім бойынша сынға түсті.

Бас жүлдені Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №2 ЖОББМ кітапханашысы А.Жақсылықова, І орынды Бөкей ордасы ауданы М.Бегалиева атындағы ЖОББМ кітапханашысы М.Тауышева, ІІ орынды Қаратөбе ауданы Мұхит ЖОББМ Д.Рахметжанова, ІІІ орынды Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ кітапхана меңгерушісі С.Қабесова мен Орал қаласы №4 ЖОББМ кітапханашысы А.Бакитова иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.