Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Кәсіби мамандықтар бойынша арнайы пәнді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану» облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары туралы

on .

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Ақсай техникалық колледжінің базасында «Кәсіби мамандықтар  бойынша арнайы пәнді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану»  (ветеринария, мұнай газ мамандықтары бойынша) облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары оздырылды.

Семинар жұмысына «Ветеринария» және «Мұнай және газ өнеркәсібі» мамандықтары бойыншатехникалық және кәсіптік білім беру  арнайы пән оқытушылары мен өндіріс шеберлері қатысты.

Семинардың мақсаты: Өндіріс талаптарына сәйкес білікті жұмысшы мамандарды дайындау сапасын арттыру және арнайы пән оқытушылары мен өндіріс шеберлерінің педагогикалық шеберлігін  жетілдіру, іс-тәжірибе алмасу.

Теориялық бөлімде арнайы пәндер оқытушылары пәнін оқыту практикасындағы модульдік бағдарламаларын әзірлеу және қолдану әдістерін, біздің облыста және шетелде дуальді оқыту элементтерін пайдалануда мамандарды даярлаудың ерекшеліктері  туралы айтылды.

Практикалық бөлімде арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері  «мұнай-газ өнеркәсібіндегі арнайы пәндерді оқытуда CLIL технологиясын, коучинг, интерактивті оқыту әдістерін, SMART технологиясы және ветеринариялық мамандықтар бойынша үш тілділікті қолдану бойынша мастер-кластар өткізді.

Семинар соңында  пікір алмасып,  рефлексия  жүргізілді.

IMG20181026104012HDR
IMG20181026111336HDR
IMG20181026122137HDR
IMG20181026145131HDR
IMG20181026122836HDR