Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған облыстық «Өсу қадамы» мектебінің жұмысы туралы

on .

Ағымдағы жылдың 29–31 қазан  күндері Батыс Қазақстан облысы Білім басқарамының мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  Орал «Сервис» технологиялар колледжі базасында «Өсу қадамы» жас әдіскерлер мектебінің кезекті оқыту семинары болып өтті.

Семинар жұмысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас әдіскерлері, өндірістік-оқыту шеберлері, арнайы пән оқытушылары және Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Педагог-шебер» санатының иегері Г.Ү.Таскарина қатысты.

Семинар жұмысының мақсаты - қызметті  жаңа  бастаған әдіскерлердің жеке кәсіби қалыптасуына әдістемелік қолдау көрсету.

Мектеп жұмысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әдіскерлердің рөлін арттыру, кәсіби құзіреттілігін  дамыту, шеберлік-класстар арқылы озат  педагогикалық тәжірибені тарату, CLIL–оқыту технологиясын оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық іс – тәжірибеге енгізу жолдарын жетілдіру, педагогтің кәсіби өсуі мен шығармашылық табысқа жетуі, педагогика-психологиялық тұрғыдан өзін-өзі дамыту тренингтерін өткізу міндеттері қойылды.

Үш күндік семинардың жұмыс бағдарламасында  мынадай сұрақтар қаралып тыңдаушылардың назарына ұсынылды: «Кәсіби даму және табысты оқыту жолдары»,  Г.У.Таскарина, Ә. Молдағұлова атындағы ЖББ мектептің шебер педагог санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Сыр сұхбат «История моего успеха» О.В.Егорова, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы; READx – «Омар Жәлелдің «Харекет» кітабының таныстырылымы», Ж.Ж.Утешова, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің оқытушысы, Омар Жәлелұлының «Жақсы» кітабының презентациясы»  С.А.Кажгереева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы; «Әдістемелік жұмыста шығармашылық табысқа жету жолдары» Г.Қ.Кабулова, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; «Педагогтің психологиялық әлеуеті – кәсібилік кепілі», Р.Т.Қуаншалиева, облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы; Шеберлік-класс: «CLIL технологиясын жалпы кәсіби пәндерді оқытуда қолдану» А.А.Умбетова, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің анатомия және физиология пәндерінің оқытушысы; Шеберлік-класс: «Заманауи шаш бояулары» CLIL технологиясын өндірістік оқыту сабақтарында пайдалану тиімділігі» О.Р.Утегенов,  Сервис технологиялар колледжінің  шаштараз өнері және сәндік косметика мамандығының өндірістік оқыту шебері; Шеберлік-класс:"Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру" модулінде CLIL әдістемесін қолдану және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру» Л.А.Бижанова, Сервис және жаңа технологиялар колледжі, арнайы пән оқытушысы; Шеберлік-класс: «Ағаш өңдеу құралдары» арнайы пәндерді оқытуда CLIL әдістемесін қолдану», Қ.А.Сарсен, Орал политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы; «Модульдік – құзыреттілік тәсілдеме негізінде оқу – әдістемелік кешенді қалыптастыру әдістемесі», В.Б.Бекесова, Орал политехникалық колледжінің экономика пәндері оқытушысы, «Кәсіпқор» Холдингінің штаттан тыс тренері; «Табысты адам – ол мен» жас мамандарға арналған тұлғалық өсу тренингі А.М.Искакова, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, педагог-психологі. Оқыту семинары жұмысы соңында сертификаттар табысталды.

DSC0465
DSC0493
DSC0507
IMG-20181029-WA0019
DSC0561
IMG-20181030-WA0073
IMG-20181031-WA0040
IMG-20181031-WA0044