«Менің ұстанымым – әдіскер» педагогикалық қонақжай

on .

2018 жылдың 7-8 қараша күндері Орал қаласының №48 «Мұрагер» бөбекжайы базасында жас әдіскерлерге арналған «Менің ұстанымым – әдіскер» облыстық педагогикалық қонақжайы өткізілді.

Қонақжай жұмысына аудандық, қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың жас әдіскерлері мен Орал қаласының тәжірибелі әдіскерлерінен құралған облыстық шығармашылық топ мүшелері қатысты. Барлығы 35 педагог.

Педагогикалық қонақжайдың мақсаты: жоспарланған, мақсатты бағытталған жұмыс пен кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы жас әдіскерлердің педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін шыңдау, кәсіби құзыреттілігін көтеру.

Педагогикалық қонақжайдың ІІ шақырылымының бағдарламасына сәйкес Орал қаласының №48 «Мұрагер» бөбекжайының «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында жобалық жұмыстары таныстырылды, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері мен шығармашылық топ мүшелері «Мектепке дейінгі ұйымдарында 2018-2019 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік-нұсқау хатын таныстырып, талқылады, «Әртүрлі жастағы топтарда оқу процесін ұйымдастыру» педагогикалық кеңесі, «Ата-аналарға арналған кеңес беру пунктінің қызметін ұйымдастыру» семинар-практикумы, «Тәрбие мен оқыту жүйесінің мониторингі мен диагностикасы» тақырыптарында әдістемелік кеңесі өткізілді. «Өз ісінің білгірі» зияткерлік ойыны оздырылып, жас әдіскерлердің білімдері мен біліктері  ұшталды.

Қорытындысында, педагогикалық қонақжай қатысушылары өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.

Барлық қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің Қатысушы Сертификаттары табыс етілді.

MG2757
MG2760
MG2782
MG2791
MG2814
MG2809
MG2862
MG2866
MG2923
MG2926
MG2887
MG2928
MG2941
MG3041
MG2979
IMG-20181107-WA0062
IMG-20181107-WA0065