«Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кіріктірілген түрде оқыту негізінде тәрбиеленушілердің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру» облыстық семинар

on .

2018 жылдың 9 қарашасында Жаңақала ауданының «Жаңақала аудандық балалар бөбекжай» базасында «Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кіріктірілген түрде оқыту негізінде тәрбиеленушілердің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Барлығы 62 педагог.

Семинардың мақсаты Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесіне үштілділікті еңгізудің өзектілігін көрсету, педагогтердің кәсіби қызметін және құзыреттілігін жақсартуға мүмкіндік беру. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне практикалық көмек көрсету.

Семинар барысында үш тілді үйрету бағытында инновациялық технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер, балалармен жеке жұмыс, педагогтермен шеберлік сыныптар, «Түймедақ» театрландырылған мюзиклы, «Не? Қайда? Қашан?» балалар мен педагогтер арасында интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылып көрсетілді. Семинар қатысушылары «Тарихқа тағзым» аудандық мұражайына саяхат жасады.

Семинар соңында қатысушылар көптілділікті енгізу қажеттілігі мен маңыздылығы туралы пікірлерімен алмасты.

2
1
3
20181109140006Burst01
IMG-20181109-WA0022
IMG-20181109-WA0029
IMG-20181109-WA0072
IMG-20181109-WA0074
IMG-20181110-WA0026
IMG-20181110-WA0030