Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Экономика пәні бойынша облыстық олимпиадасы туралы

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 28 қарашасында Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Экономика пәні бойынша облыстық олимпиада оздырылды.

Облыстық олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің экономика пәнінен білімдерін жетілдіру, үздік студенттерді анықтау, білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауға тәжірибелік дағдылары мен біліктіліктерін дамыту, болашақ мамандардың алған білімдері мен дағдыларын шығармашылық іскерлікте қолдануларын қалыптастыру және кәсіби дайындау.

Облыстық олимпиада 2 кезеңнен  тұрды:

I-кезең – 2 тапсырмадан тұрады:

I тапсырма: тест

II тапсырма: Логикалық есептер:

II-кезең –Блиц сұрақтар

Байқау соңында жеңімпаздары сарпшылардың шешімімен Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бағалы сыйлықтарымен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және номинациялар бойынша марапатталды:

I орын - Утешева Аяжан Бөрлі колледжінің студенті, жетекшісі А.Нургалиева;

II орын - Мухамбетова Лаура Жоғары аграрлық техникалық колледжінің студенті, жетекшісі В.Мишкова:

II орын - Колесникова Ксения Орал гуманитарлық-техникалық

колледжінің студенті, жетекшісі Н.Утегенова, А.Сагитова;

III орын - Серикова Күнслу Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті, жетекшісі Г.Хамитова;

III орын - Жарылқасын Сағыныш Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті, жетекшісі Б.Сисенова;

III орын – Өтемисова Гүлназ БҚ инженерлік технологиялық колледжінің студенті, жетекшісі Г.Айешева, Д.Рахымғалиева;

Номинациялар:

«Эрудит» - Иманкулова Амангул Орал Болашақ көпсалалы колледжінің студенті, жетекшісі Р. Р.Шуюншбаева;

«Жас экономист» - Аскарова Раушан Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті, жетекшісі А.Салекеев.

SAM9165
SAM9175
SAM9185
SAM9183
SAM9260