«Дуальды білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау кәсіптік біліммен өндірістің интеграция нысаны ретінде» дөңгелек үстел туралы

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қарашасында Республикалық жоғары техникалық колледжібазасында «Дуальды білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау кәсіптік біліммен өндірістің  интеграция нысаны ретінде» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының, бейінді оқыту бойынша орынбасарларының және аға шеберлер  арасында дөңгелек үстел өтті. Барлығы 40 адам қатынасты.

Шараның мақсаты: дуальды оқыту жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы озық тәжірибені жинақтау, жұмыстың нәтижесін қорытындылау.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында БҚО кәсіпкерлер палатасының  қатысуымен дуальды оқыту бойынша соның ішінде, бір топтың барлық студенттері бір мезгілде өтетін  практика базасын табу мүмкіндігі жөнінде,  тәлімгерге жалақы төлеу, әлеуметтік серіктестіктермен жұмыс,түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін қарастырды. Қатысушылар аталған мәселелерді шешу жолдары жөнінде ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсынбалар қабылданды.

IMG-20181130-WA0012
IMG-20181130-WA0013
IMG-20181130-WA0014
IMG-20181130-WA0034