Облыстық «Ең үздік портфолио» байқауы

on .

2018 жылдың 7 желтоқсан күні мектепке дейінгі ұйым педагог мамандары арасында «Ең үздік портфолио» облыстық (сырттай) байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсатыМектепке дейінгі ұйымдарының педагог мамандарын қолдау және ынталандыру, педагогикалық шеберліктерін шыңдау.

Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 11 пән мұғалімдері (2 –қазақ тілі, 2- орыс тілі, 2- ағылшын тілі және 5- музыка жетекшісі) қатысты.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен:

музыка жетекшілері арасында:

І орын - Г.Нуралиева,  Бөрлі ауданы №3 «Гүлдер» бөбекжайы;

ІІ орын - Н.Титова, Зеленов ауданы «Жұлдыз-ай» бөбекжайы;

ІІІ орын -  Г.Жаньярова, Шыңғырлау ауданы «Балдырған» бөбекжайы.

Аталымдар:

«Іскер педагог» - С.Қарашолақов, Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайы;

«Жаңашыл педагог» - Ж.Наурзгалиева, Орал қаласы №21 «Росинка» бөбекжайы.

қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері арасында:

І орын - М.Елешова, Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

ІІ орын - Г.Жұмашева, Бөрлі ауданы №4 «Айгөлек» бөбекжайының қазақ тілі пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын - С.Бектемирова, Орал қаласы №17 «Родничок» бөбекжайының орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Аталымдар:

«Іскер педагог» - Г.Мауленкулова, Орал қаласы №27 «Жігер» бөбекжайының қазақ тілі пәнінің мұғалімі;

«Жаңашыл педагог» - А.Измагамбетова, Ақжайық ауданы «Еркемай» бөбекжайының орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Байқауға қатысушылар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің диплом, грамоталарымен марапатталды.