«Үздік музей» облыстық байқауы туралы

on .

2018 жылдың  7 желтоқсан  күні Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен  мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындамузей арқылы  жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, білім берудің және тәрбиелеудің кеңістігі ретінде колледж музейі қызметін насихаттау мақсатында  техникалық жәнекәсіптік білім беру ұйымдары  арасында  «Үздік музей» атты облыстық  байқауы  оздырылды.

Байқауға қатысушылар:музей жұмысын ұйымның оқу-тәрбие жоспарымен үйлестіру, ұйымның оқу-тәрбие процесіндегі музей материалдарын пайдалану, экскурсиялық қызметінің бар болуы, білім ұйымдары және қоғамдық ұйымдарымен өзара қарым-қатынасы критериялары бойынша бағаланды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес оқу орындар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І,ІІ,ІІІ  дәрежелі дипломдармен марапатталды:

І орын -   «Жаңақала колледжі» МКҚК

ІІ орын -  «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК

ІІІ орын - «Тайпақ колледжі» МКҚК