«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен студенттері арасындағы «Кітап оқитын колледж» облыстық байқауы туралы

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 21 желтоқсанында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен студенттері арасында «Кітап оқитын колледж» облыстық байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды оқуға тарту, кітаптың құндылығын ұғындырып, дәстүрлі оқуды сақтау және дамыту, кітапхананың мерейін арттыру, студенттер арасынан үздік оқырмандарды айқындау, жан-жақты білімді оқырмандар санатын іріктеу.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 24 сұраныс түсіп, 24 студент пен 24 кітапханашы қатысты.

Байқау үш кезең бойынша өткізілді:

I кезең: Таныстыру қатысушылар колледж, кітапханадағы жетістіктер туралы ақпаратты ұсынды.

II кезең: «Оқырманмен шығармашылық одақ» колледж кітапханашылары жобаларын ұсынды.

III кезең: «Бір кітап – бір колледж» қатысушы студент өзі оқыған кітабы туралы ойын READx форматында  таныстырды.

Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен Білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, номинациялар және Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды:

I орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кітапханашысы Б.Кусаинова, студенті А.Садырбекова;

II орын – Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің кітапханашысы А.Садыкова, студенті Н.Сүндет;

II орын – Сырым колледжінің кітапханашысы Г.Зимуханова, студенті А.Турланова;

III орын – Орал политехникалық колледжінің кітапханашысы  Ж.Ахмадиева, студенті А.Байзулина;

III орын – Бөкей ордасы колледжінің кітапханашысы  Р.Куаншалиева, студенті А.Макашева;

III орын – Бөрлі колледжінің кітапханашысы Л.Хамзина, студенті Е.Жантасов;

Аталымдар:

«Менің сүйікті кітабым» - Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің кітапханашысы А.Купболсынова,  студенті  Н.Едігенов;

«Креативті оқырман» - Құрманғазы атындағы саз колледжінің кітапханашысы Г.Тоқтарова, студенті Р.Мухамбетов;

«Жаңашыл кітапхана» - Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің кітапханашысы А.Салихова, студенті  Т.Егінбай;

«Үздік оқырман» Орал «Сервис» технологиялық колледжінің кітапханашысы А.Ильясова студенті Қ. Серік;

«Заманауи кітапхана» Орал ақпараттық технологиялар колледжінің кітапханашысы А. Есенбаева, студенті А.Уалиев;

«Ұшқыр ойлы» Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар  колледжінің кітапханашысы Ф.Сағындыкова, студенті К. Сансызбаева;

«Іздеңімпаз» Теректі колледжінің кітапханашысы К.Мушагалиева, студенті Ж.Еркебай.

FBIMG1545470057106
IMG8157
IMG8168
IMG8529-1
IMG20181221104812HDR
IMG20181221111141HDR
IMG8529-1
IMG8157
IMG20181221104812HDR