Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы туралы

on .

2019 жылғы 24 қаңтарында Оқушылар  және жастар сарайының «Бастау»  коворкинг орталығының базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді кәсіпкерлік ортаға бейімдеп, шығармашылық  әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы  «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы оздырылды.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауына  қазылар алқасы ретінде М.Өтемісов атындағы  БҚМУ, БҚО Кәсіпкерлер палатасының, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының  өкілдері шақырылды.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауының ІІ кезеңіне  20 жоба өтіп, қорғалды.

Байқау барысында арнайы мамандар студенттерге болашақта жобаларын жүзеге асыру жөнінде құнды  кеңестер берді.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар облыстық білім басқармасының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары, және грамоталарымен марапатталды:

І орын -  Бөрлі колледжінің студенті А.Сембиева  (жетекшісі С.А.Дьяченко);

ІІ орын - Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті А.Елкина  (жетекшілері Т.Т. Ахментаева, М.Г. Масагутова);

ІІ орын - Қаратөбе колледжінің  студенті М.Нурманова  ( жетекшісі

А.А. Гатауова);

ІІІ орын - Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Н.Галкина (жетекшісі Н.В.Сладкова);

ІІІ орын - Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенті Қ.Кузанбаев  (жетекшілері А.Е. Беккалиев, Э.А. Мамбеталиева).

Аталымдар:

«Инновациялық жоба» - Ақжайық аграрлық- техникалық колледжінің студенті  А.Сайлау (жетекшілері С.Н. Елешев, Н.Т. Набиуллинов);

«Үздік өндірістік жоба» - М.Б. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті К.Кабдолов ( жетекшісі Г.Қ. Есмухамбетова);

«Болашаққа бағдар» - Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттері  Риздыханов Е., Егинбай Т.(Г.Т. Каргина);

«Агроөнеркәсіп бағытындағы жоба» - Рубежка колледжінің студенті Д.Бурмантов (жетекшісі О. В. Есенбеков);

«Үздік жоба» - Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің студенті Б.Жұмағұлов (жетекшісі Н.Д. Айталипова).

Қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаты табыс  етілді.

IMG20190124100300
IMG20190124100329
IMG20190124100345
IMG20190124110701
IMG20190124104449
IMG20190124141447
IMG20190124150240