Облыстық «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің ІІ-ші шақырылымы

on .

2019 жылдың 24-25 қаңтар күндері Орал қаласы №50 ЖББОМ  базасында озат тәжірибе алмасу бағытындағы облыстық  «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің ІІ-ші шақырылымы оздырылды.

Педагогикалық шеберлік мектебінің мақсаты жоспарланған, мақсатты бағытталған жұмыс пен кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы жас мұғалімдердің педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін, кәсіби құзыреттілігін көтеру, облыс мұғалімдерінің озат педагогикалық іс-тәжірибесін насихаттай отырып, шеберлік мектебінің қызметі арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.

Мектептің жұмысына жас мамандар,  тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты, барлығы 53 педагог.

Педагогтер арасында командалық рухпен табысты әрекеттестіктің дағдыларын қалыптастыру үшін «TEAMBUILDING», семинар-практикум, тренинг, шеберлік сынып және коучинг ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу алаңында «Тәрбие мен оқыту жүйесінің мониторингі мен диагностикасы»,  «Мақсат қоюдың негізі. Сабақты өзіндік талдауы», «QR-КОД, PLICKERSІТ-технологиялар жүйесін  пайдалану арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін   (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) меңгерту жолдары», «Пән құралдары арқылы оқушыларды дамыту және әлеуметтендіру әдіс-тәсілдерін, технологияларын тәжірибеде қолдануы» т.б. тақырыптарында жұмыстар жүргізілді.

Қорытындысында, Педагогикалық шеберлік мектебінің қатысушылары өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті. Мектептің ІІ-ші шақырылымының қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.

04e438ef-241d-4649-a51a-4f7430aa3f97
2a2028e0-a2d4-4a61-9a60-258b35811f5e
b106166b-138a-43c9-99a6-e7c82826948a