Батыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9, 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби сынамаларды өткізу апталығы туралы

on .

2019 жылғы 11-15 ақпан күндері аралығында «Сенің таңдауың – сенің болашағын» жобасы аясында бірлесіп  Облыстық білім басқармасымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептерінің 9,11сынып оқушыларына арналған кәсіби сынамаларды жүргізу апталығы өтті.

Мақсаты: 9, 11 сынып оқушыларына әр түрлі мамандардың  кәсіптік қызметі туралы түсінік алу үшін жағдай жасау.

Міндеттері: - мамандықтар туралы негізгі мәліметтерден  хабар беру;

-         таңдалған мамандықтар мен біліктіліктер бойынша  кәсіптік қызметтің негізгі элементтерін модельдеу;

-         кәсіби сынамалар  арқылы практикалық қызметтің белгілі бір түріне оқушылардың қызығушылығын анықтау;

-         жұмысшы  мамандықтарының беделін арттыру.

Кәсіби сынамалар 4 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында 6 мамандық 8 біліктілік бойынша өткізілді.

Оқушыларға экскурсия ұйымдастырылып, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы ақпараттық  буклеттер даярланып таратылды.

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Сервис және жаңа  технологиялар колледжінің базасында «Туризм жөніндегі нұсқаушы» біліктілігі бойынша  № 5 ЖОББМ 9 сынып  оқушыларына өткізілсе, 13 ақпан күні Қаратөбе колледжі базасында «Тігінші» біліктілігі бойынша 9 сынып және «Аспазшы»  біліктілігі бойынша 11 сыныбының  Шөптікөл ОЖББМ оқушылары кәсіби сынамалардан өтті. 15 ақпан күні Орал политехникалық колледжінде «Автокөліктерді жөндеуші слесары», «Құрылыс шебері» біліктіліктері бойынша №22 ЖОББМ оқушылары және  Шыңғырлау колледжі базасында «Аспазшы», «Тас қалаушы», «Электр қондырғылармен  қызмет көрсету біліктіліктері» бойынша  Шыңғырлау, Шиле, Тасмола мектептерінің 9 сынып оқушылары кәсіби сынамадан өтті.

Нәтижесінде өткізілген кәсіби сынамалар бойынша ақпараттық парақтар толтырылып, рефлексия жүргізілді.

30
25
37
32
20190215141541
IMG20190215130013
IMG20190215130838
IMG-20190215-WA0029
IMG-20190212-WA0031
IMG-20190215-WA0061
IMG-20190215-WA0068
IMG-20190215-WA0074
IMG20190212155044