«Шағын жинақты мектептегі үш күн» ЖОБАСЫ

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасында «Шағын жинақты мектепте үш күн» атты облыстық жобасы жүзеге асырылды.

Жобаны жүзеге асыруға облыстың төрт шағын жинақты мектебі қатыстырылды: Казталов ауданы А.Хұсайнов атындағы ОМ, Теректі ауданы Талпын НМ, Ақжайық ауданы Жаңажол НМ,  Бәйтерек ауданы Жаңатаң БМ.

Жобаның мақсаты: мұғалімнің пәндік құзыреттілігін арттыру мүмкіндігі, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, ШЖМ-тегі мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы саласын кеңейту, өзара тәлімгерлік, ШЖМ-тегі мұғалімдердің IT құзыреттілігін арттыру

Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 4-20 ақпан аралығында І-сессия ұйымдастырылды: әдістемелік десант. Негізгі іс-шаралар «Пәнге ену» арқылы шағын жинақты мектеп оқушыларының үлгерімін жақсартуға бағытталған. Үш күн бойы аталған аудандардың тірек мектептерінің жоғары және І санатты мұғалімдері жобаға қатысып, ШЖМ-дің оқушыларымен шеберлік сыныбын көрсетті. Жобаның бірінші күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері, екінші күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер, үшінші күні эстетикалық пәндер бойынша мұғалімдер қатысты. Осы жобаның көмегімен шағын жинақты мектеп мұғалімдері өз жұмысының «күшті» және «әлсіз» тұстарын көре алды. Сабақтарға қатысып, оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерге назар аударды, сабақта әріптестердің қолданатын белсенді әдістері мен формаларын көрді. Және өздерінің білімдерін жетілдіру перспективалық жоспарын құрды. Әр күннің екінші жартысында Жобаның жетекшісі ұжымның «командалық рух», ынтымақтастығын нығайту мақсатында әртүрлі қызықты тренингтерді өткізді.

Үшінші күні Жобаның қатысушылары  дөңгелек үстел басында кездесіп, жобаның іске асырылу нәтижелерін талқылап, пікір алмасты.

1
2
3
4
6
7
5
9
10
8