Мектепке дейінгі ұйым, бастауыш мектеп, ресурстық орталықтар және жетекші мектептер арасында «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» облыстық байқауы

on .

Облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 27 ақпаны күні «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» байқауы оздырылды. Байқауға 12 мектепке дейінгі ұйым, 9 бастауыш мектеп, 9 ресурстық орталықтар және 12 жетекші мектептер қатысты.

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Байқау оқу-тәрбие үдерісінде басшының кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін көрсететін табысты білім беру ұйымының қазіргі заманауи моделін анықтау және инновациялық қызметтің рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға жалпы 43 білім беру ұйымдары, 126 педагог қатысты.

Байқау 3 турдан тұрды:

Қатысушылар «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» байқауының І-ші турында білім беру ұйымының үлгісін қорғап, ұсынылған модельдің тиімділігін көрсетті. Модель графикалық кескін, макет, сурет, ақпарат және т.б. түрінде ұсынылды.

«NOÝ HАÝ қолданыста» ІІ-ші турында қатысушылар өздерінің жұмыс тәжірибесінен алынған жаңалықты, ғылыми зерттеулер, тәжірибе, инновациялық технологиялар, жобалар, таңғажайып идеялар және т.б. 3 минуттық бейнеролик көрсетті.

ІІІ-ші «SCAMPER» шығармашылық тимбилдинг турындақатысушыларберілген креативті тапсырмалардың бірін орындады.

Байқау барысында басқарушылық қызметте инновациялық тәсілдерді тиімді қолданып, жаңашылдықты енгізуді және командалық рухты қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу орындарындағы табысты менеджерлер анықталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің Сертификаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды:

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында:

-              Бас жүлде – Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайы;

-              І орын – Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайы;

-              ІІ орын – Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы;

-   ІІІ орын – Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайы.

Номинациялар:

-              «Шығармашыл білім беру ұйымы» – Жаңақала ауданы Жаңақала аудандық балалар бақшасы;

-   «Креативті білім беру ұйымы» – Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайы.

Бастауыш мектептер арасында:

Бас жүлде – Бәйтерек ауданы Жайық бастауыш мектебі;

І орын – Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы мектебі;

ІІ орын – Тасқала ауданы шежін бастауыш мектебі;

ІІІ орын – Ақжайық ауданы Тоған бастауыш мектебі.

Номинациялар:

-  «Креативті білім беру ұйымы» - Теректі ауданы Пойма бастауыш мектебі;

-  «Шығармашыл білім беру ұйымы» - Жаңақала ауданы Айдархан бастауыш мектебі.

Ресурстық орталықтар арасында:

Бас жүлде – Шыңғырлау ауданы Л.Кылышев атындағы ЖОББМ ресурстық орталығы;

І орын – Ақжайық ауданы М.Әуезов атындағы ЖОББМ ресурстық орталығы;

ІІ орын – Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №5 ЖОББМ ресурстық орталығы;

ІІІ орын – Бәйтерек ауданы Камен ЖОББМ ресурстық орталығы.

Номинациялар:

-  «Креативті білім беру ұйымы» - Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ ресурстық орталығы;

-  «Шығармашыл білім беру ұйымы» - Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ ресурстық орталығы.

Жетекші мектептер арасында:

Бас жүлде – Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ;

І орын – Орал қаласы №1 ЖОББМ;

ІІ орын – Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясы;

ІІІ орын – Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ЖОББМ.

Номинациялар:

-  «Креативті білім беру ұйымы» - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №1 ЖОББМ;

-  «Шығармашыл білім беру ұйымы» - Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиясы.

IMG9775
IMG9789
IMG9791
IMG9792
IMG9832
IMG9801
IMG9841
IMG9899
IMG9908
IMG9922
IMG9943
IMG9950
P90227-102853
P90227-110824
P90227-111926
P90227-114215
P90227-112245
P90227-122334
P90227-123300
P90227-144625
P90227-153109
PHOTO-2019-02-27-11-30-37
PHOTO-2019-02-27-12-07-52
PHOTO-2019-02-27-12-08-01-1
PHOTO-2019-02-27-12-08-01
PHOTO-2019-02-27-12-08-02-1
PHOTO-2019-02-27-12-08-03
PHOTO-2019-02-27-15-12-39
PHOTO-2019-02-27-15-12-43
PHOTO-2019-02-27-15-13-25
PHOTO-2019-02-27-15-13-28
PHOTO-2019-02-27-15-13-32