«Мектеп кітапханасы: шығармашылық ұсыныстар, кәсіби біліктілік» облыстық семинар

on .

2019 жылдың 28 ақпан күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында облыстық «Мектеп кітапханасы: шығармашылық ұсыныстар, кәсіби біліктілік» тақырыбында семинары өткізілді. Семинар жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры бойынша әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты. Барлығы 54 адам.

Мақсаты: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі идеясын мектеп кітапханасында тиімді жүзеге асыру және мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін арттыру жолдары.

Семинар барысында жоба арқылы оқырмандарды кітаппен достастыру, кітапханалық қызмет көрсету және инновациялар, жаңа мүмкіндіктер ізденісі туралы тәжірибелерімен бөлісті.

PHOTO-2019-03-01-09-27-22-1
PHOTO-2019-03-01-09-27-24-1
PHOTO-2019-03-01-14-51-19
PHOTO-2019-03-01-14-51-11