Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар - практикум

on .

2019 жылы 28 ақпанда Тасқала ауданының жалпы орта білім беретін  Қ. Сәтбаев атындағы мектебі базасында  «Бастауыш сыныптарда табысты оқыту: жаңару, ізденіс, тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикумы оздырылды.

Семинардың мақсаты: оқыту практикасына заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде саралау, бақылау, кері байланысты тиімді жүзеге асыруда пән мұғалімдерімен бірлескен  жұмысты ұйымдастыру.

Семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Барлығы 51 педагог.

Тәжірибе алмасу алаңында бастауыш сынып мұғалімдері өз шеберліктерімен бөлісе отырып, жаңартылған бағдарлама аясында жаңа форматтағы практикалық сабақтар мен Жақсығұлов атындағы ЖББОМ, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ және Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ мұғалімдері кіріктірілген сабақтар көрсетті. Шығармашылық топ мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар мен коучингтер, тренингтер жүргізді.

IMG-20190228-WA0035
IMG-20190228-WA0038
IMG-20190228-WA0041-1