«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарындағы облыстық семинары

on .

2019 жылдың 1 наурыз күні Ақжайық ауданы Мерген ЖББОМ базасында «Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтар негізі» тақырыбында облыстық семинары оздырылды.

Семинардың мақсаты: Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру бойынша пилоттық жобаны іске асырып отырған мектептердің және «өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін насихаттау  және тарату.

Семинарға пилоттық білім беру ұйымдары деп танылған Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖББОМ, Орал қаласының  №44 мектеп гимназиясы, Орал гуманитарлық –техникалық колледжі педагогтері және аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының әдіскерлері, «өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, педагог-психологтар қатысты. Барлығы 68 педагог.

Пленарлық бөлімде «Жаңартылған мазмұндағы білім беруде сабақтың құндылықты бағдарлау мақсатын жүзеге асыру жолдары», «Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы»,  «Жалпыадамзаттық  құндылықтар –   мектептің  оқу-тәрбие  үрдісінде», «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тәрбие жұмысына интеграциялау» тақырыптары бойынша ой бөлісті.      

1-PHOTO-2019-03-04-16-48-50-1
PHOTO-2019-03-04-15-27-50
PHOTO-2019-03-04-15-28-36
PHOTO-2019-03-04-16-48-50