«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Цифрлы оқу орны» инновациялық жобалар байқауының қорытындысы

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 28 ақпанында Халықаралық Цифрлық технологиялар Сәулет және құқық колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Цифрлы оқу орны» облыстық инновациялық жобалар байқауы оздырылды.

Облыстық инновациялық жобалар байқауы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің инновацияларға қызығушылығын ынталандыру, цифрлық сауаттылығын арттыру және олардың үздік инновациялық жеке білім беру жобаларын анықтау, жобаларды әзірлеуде креативті ізденісті ынталандыру  мақсатында өткізілді.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 26 студент «Цифрлық платформа», «Техникалық көрініс – 360о жобасы» электрондық цифрлық ресурстарды әзірлеу,«Digital mobile» (мобильді қосымшаларды әзірлеу), «SMART Орал  үшін ақылды технологиялар», «Мультжоба» (дамыту ойындарын, танымдық мультвидео, жарнамалық немесе жастар бейнероликтарын, анимацияларды әзірлеу) бағыттары бойыншаинновациялық жобаларын ұсынды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар және оқу-әдістемелік кабинетінің сертификатымен:  

I орын - Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің студенті Төлеугалиева Назерке, жетекшісі Қ.Гупранов;

II орын - Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті В.Зотов, жетекшісі Т.Ахментаева;

II орын - Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенттері Апбаз Нұрғиса, Прачкин Валерий, жетекшісі К.Аубакирова;

III орын- Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Гутарев Дмитрий, жетекшісі М.Масагутова;

III орын- Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің студенті Чинбаев Арман, жетекшісі  Н.Айталипова;

Аталымдар:

«SMART ақылды технологиялар» - «АТиСО» Батыс Қазақстан академиялық колледжінің  студенті Мороз Кирилл, жетекшісі М.Сапаров;

«Техникалық көрініс – 360о жобасы» Қаратөбе колледжінің  студенті Құсайнова Айда, жетекшісі Г.Сулейменова;

«Электрондық цифрлық ресурстарды әзірлеу» - Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Мусевич Артем, Жұматаев Чингиз, жетекшісі М. Қыдырбаев;

«Үздік Мультжоба» - Ақсай техникалық колледжінің студенті Батыржанов Оралбек, жетекшісі Г.Таменова;

«Танымдық мультвидео» Бөрлі колледжінің студенті Ворожейкин Даниил, жетекшісі Р.Мендыбаева;

«Үздік жарнамалық бейнеролик» - Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің студенті Тастыбай Ақбота, жетекшісі Г.Кудабаева;

«Болашақ жастардың қолында» - Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенттері Сисенгалиев Руслан, Қажы Қадыр жетекшісі М.Бралиева марапатталды.

7dd513e9-9451-4470-a5b7-7718f4ca7536
9eebfa03-c238-4180-ab5d-b838c2d90c59
805f8cb7-6e16-4009-a6ec-5c31a03fe62b
90a0363c-9706-4cf4-ad1a-d960931056cd
b6992fec-b69a-45f9-94a4-465933ec18ea
b79742d7-6ce1-475a-9830-c2e37ae690fc
de17c1af-c44f-488c-9f17-ff4d80cd1722
db602112-040c-47a2-85fa-d8eb60d14af5
e9a603d2-f18d-4850-8d3d-f48815e91857