Облыстық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» байқауы

on .

Облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11-12 наурыз күндері Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» атты облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: педагогикалық технологияларды жетік меңгерген,  шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, талантты педагогтерді анықтау және қолдау.

Байқауға қатысушылар  «Біліктілік тестілеуі», «Жаңашыл педагог»,  «Ашық сабақ», «Спорттық іс-шара» кезеңдері бойынша сайысқа түсті.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

І орын – Абугалиев Мирас Галиаскарович, Теректі ауданы Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі;

ІІ орын – Наурзбаев Абзал Нургалиевич, Шыңғырлау ауданы А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі;

ІІІ орын – Самарканов Нұршат Губайдуллаевич, Қаратөбе ауданы Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі.

Аталымдар бойынша:

«Үздік заманауи сабақ» – Кадешов Мереке Закариевич, Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі;

«Жаңашыл педагог» - Маханбетов Мерей Ануарбекович, Бөрлі ауданы Киров жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі;

«Үздік спорттық шара» - Шынғалиев Дулат Бауыржанұлы, Сырым  ауданы Сырым жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі.

Байқаудың соңында  жеңімпаздар Дипломдары және Сертификаттармен марапатталды.

1
2
3
4
5
6
8
7
9
10