III республикалық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының облыстық кезеңі туралы АҚПАРАТ

on .

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты жас педагогтерді анықтау, қолдау, мадақтау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» жариялануына және «Жастар жылына» жоспарланған ауқымды іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» III республикалық байқауының облыстық кезеңі 2019 жылдың 13 наурыз күні Орал қаласы №47  жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Жас педагогтардың әлеуметтік мәселесін көтеру және шығармашылық белсенділіктері мен біліктіліктерін арттыру.

Байқауға 15 аудандық (қалалық) және облыстық жалпы білім беретін  ұйымдардың жас педагогтері қатысты.

Байқау 3 турдан тұрады.

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»  эссе жазу;

«Шығармашылық жолдың бастамасы» өзін – өзі таныстыру;

«Ашық сабақ» сабақтар өткізу /5-8 сыныптарда/.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын - Байбулатов Самат Сергеевич – Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

ІІ орын – Сагиналиев Ислам Елемесұлы - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Идирова Мейрамгуль Сабировна – Қаратөбе ауданы Қаратөбе МГ физика пәнінің мұғалімі;

Номинациялар:

«Үздік сабақ» номинациясы бойынша – Бақыт Асыл ҚадыржанқызыБөкей ордасы ауданы Қ.Сағырбаев ат.ЖОББМБ биология пәнінің мұғалімі;

«Ізденімпаз жас маман» - Медетова Назерке  Капитоллақызы – Казталов ауданы Ғ.Қараш ат.МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Креативті жас маман» - Аманжолов Дулат Аманжолұлы Орал қаласы №41 физика – математика бағытындағы МЛ география пәнінің мұғалімі.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер грамоталар, сертификаттармен марапатталды.

IMG-20190313-WA0013
IMG-20190313-WA0014
IMG-20190313-WA0018
IMG-20190313-WA0015