Облыстық «Логопедиялық пункт» сырттай байқауы

on .

Логопед кабинеттерінің материалдық - техникалық жабдықталуын және логопед - мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру арқылы сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмектің сапасын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпанында облыстық «Логопедиялық пункт» атты сырттай байқауы өткізілді. Байқауға 8 ауданнан және Орал қаласынан №46 ЖОББМ логопедиялық пункті қатысты.

Байқау І бөлімнен тұрды. Байқауда логопедиялық пункттің портфолиосы бағаланды.

Жеңімпаздар:

І орын – Теректі ауданының №1 Подстепный ЖОББМ логопункті (А.С.Макутова);

ІІ орын – Ақжайық ауданының Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ логопункті (Ж.Б.Мусагалиева);

ІІІ орын – Қаратөбе ауданының Егіндікөл ЖОББМ логопункті (Г.Қ.Құрмашева);

Номинация иегері:

«Нәтижеге бағытталған» - Бөкей ордасы ауданының Б.Жәнекешов атындағы ЖОББМ логопункті (И.К.Абдолова).

Байқау жеңімпаздары дипломдар және грамоталармен марапатталды.