«ЖАҢАША ОҚЫТУҒА – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ФЛЕШ СЕМИНАР

on .

2019 жылдың 28 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 «Гүлдер», №4 «Айгөлек», №5 «Ертегі», №9 «Наурыз» бөбекжайлары базаларында «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбында облыстық  флеш семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру, озат тәжірибе алмасу алаңын құру, эксперимент алаңдарының іс-тәжірибелерімен бөлісу. 

Флеш семинарға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту Зертханасының педагогтері, мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты. Барлығы 90 педагог.

Семинар барысында педагогтер №3 «Гүлдер» бөбекжайының «Эврика» танымдық-интеллектуалдық дамыту бағытындағы, №4 «Айгөлек» бөбекжайының «Эрудит» түзету-дамыту бағытындағы, №5 «Ертегі» бөбекжайының «Баланың үйлесімді даму орталығы» бағытындағы жұмыстарымен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. №9 «Наурыз» бөбекжайында зертхана жұмысының шеберлік сыныптары көрсетіліп, стендтік таныстырылымдар, педагогтердің шығармашылық жұмыстарынан әзірленген көрмені тамашалады.

Семинар қатысушылары мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстануда қолданатын түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгеріп, өз қоржындарын толықтырды.

1
1
4
2
5
5
7
6
8
9
10
11
13
14
15
12
17
16
18
18
20
19