БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «BATYS ӨСУ VEKTORY»

on .

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы және облыстық оқу-әдістемелік кабинеті педагогтердің кәсіби өсуін арттыру, пәнді оқытудың инновациялық әдістемелерін меңгеру бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру аясында коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру және дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 26-28 наурыз күндері бастауыш сынып және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған «BATYS ÓSÝ VEKTORY» жобасы оздырылды, жалпы алғанда 100-ге жуық адам қатысты.

«BATYS ÓSÝ VEKTORY» жобасы жұмысында педагогтер арасында командалық рухпен табысты әрекеттестіктің дағдыларын қалыптастыру үшін «SCAMPER» шығармашылық  teambuilding, семинар-практикум, тренинг, шеберлік сынып және коучинг ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу алаңында «Іс-әрекеттегі NOÝ HАÝ», «Сабақта SMART-мақсаттарын орнату және оқытудың белсенді формалары арқылы енгізу»,  «Инновациялық техника бағыты бойынша жобалау жұмысын ұйымдастыру» авторлық жобасы, «QR-КОД, PLICKERS, KAҺOOT, EASY GUIZZYІТ-технологиялар жүйесін тиімді қолдануды меңгерту жолдары» т.б. тақырыптарында жұмыстар жүргізілді.

«BATYS ÓSÝ VEKTORY» жобасына Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманалина, мәдениет қызметкері  Н.Сертеков,   ақын, жазушы М. Балмолдамен кездесулер ұйымдастырылып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының» Орал қаласындағы филиалы мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«BATYS ÓSÝ VEKTORY» жобасы соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.

PHOTO-2019-04-01-10-20-53
PHOTO-2019-04-01-11-41-39
PHOTO-2019-04-01-11-52-31
PHOTO-2019-04-01-11-52-32
PHOTO-2019-04-01-11-52-33-1
PHOTO-2019-04-01-11-52-33
PHOTO-2019-04-01-11-52-33-2
PHOTO-2019-04-01-11-52-34-1
PHOTO-2019-04-01-11-52-34
PHOTO-2019-04-01-11-52-35-2
PHOTO-2019-04-01-11-52-35-1
PHOTO-2019-04-01-11-52-35
PHOTO-2019-04-01-11-52-36-1
PHOTO-2019-04-01-11-52-36