МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ «APROPOS» КӘСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КЛУБЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

on .

2019 жылдың 11-12 сәуір күндері Орал қаласының №21 «Росинка», №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайлары базаларында облыстық «APROPOS» кәсіби қарым-қатынас клубының жобалық жұмысы ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты: сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету.

«APROPOS» кәсіби қарым-қатынас клубының жобалық жұмысына аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйым, шағын орталық, мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері қатысты. Барлығы 60 педагог.

Жобалық жұмыстың І шақырылымының бағдарламасына сәйкес теориялық бөлімінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері мен шығармашылық топтың тәжірибелі мамандары тәрбиеші жұмысына қажетті нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша сұрақтарын талқылап, «Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» олимпиадасы, «Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңаша оқыту – заман талабы» шағын конференциясы, «Жетістіктер мониторингі» тақырыбында әдістемелік кеңестер ұйымдастырылып, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктері мен педагогикалық шеберліктерін қалыптастырды.

Практикалық бөлімінде педагогтер Орал қаласының №21 «Росинка» мен №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайларының іс-тәжірибелерімен танысып, ұйымдастырылған оқу-қызметтеріне, шығармашылық тимбилдинг, тренингтерге, шеберлік сыныптарына қатысып, тәжірибе алмасып, кәсіптік кеңестер алып, өз қоржындарын толықтырды.

«APROPOS» кәсіби қарым-қатынас клубының қатысушылары өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.

Жобалық жұмыстың ІІ шақырылымына мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жобалық жұмысын ұсыну түрінде үй тапсырмасы берілді.

1
01
2
3
4
5
6
7
8
9
11
10
13
12
14
15
16
17
18
19
20
21
22
24
23
25
25
25
26
28
27
29
30
31
32
33
35
34