Облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы

on .

Облыстық білім басмқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 23 сәуір күні бастауыш буында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан-жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдерді анықтау мақсатында облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектептерінен 13 педагог қатысты.

Облыстық олимпиада Танымдылық  және Шығармашылық бөлімдерінен тұрады. Танымдылық  бөлімінде таныс емес сыныптарда сабақ беру және тест тапсырмаларын орындау қарастырылған. Олимпиаданың  Шығармашылық бөлімінде «Ізденіс. Шығармашылық. Нәтиже» тақырыбында жоба қорғалды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының дипломдарымен және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттарымен төмендегі бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды:

I орын - Имангалиева Жемисгуль Жуматаевна, Шыңғырлау ауданы Ащысай жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

II орын – Нукаева Нургуль Маратовна, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

II орын - Балешова Шынар Амангельдиевна, Жаңақала ауданы М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

III орын – Каратаева Нэйля Жангалиевна, Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

III орын - Гумарова Айымжан Суйеугалиевна, Казталов ауданы А.Хұсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

III орын - Силина Ольга Николаевна, Орал қаласы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

55a22c64-a727-476e-848c-15b59d2ed0a6
7e37611b-c9d9-4dc1-a374-02c50bd63f36
95ee7481-04fe-44a8-b7b6-2c331e157d12
4348c5ea-ed3d-450b-ba4a-d8cb7c20b984
902b0338-f076-49b4-a94d-3db72690a290
6098d4ea-9a9a-4dc5-a1ea-ae65dcc0580c
88253ae7-b27b-4d92-8b1c-e2c6d3bd2462
596360b1-616c-45cd-acc1-b234f74e197f
a9275e07-9c43-42b9-9471-d8c59b2d392e