«Балабақшадағы үштілділік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы» облыстық семинар-практикум

on .

2019 жылдың 24 сәуір күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 «Айгөлек» бөбекжайының базасында «Балабақшадағы үштілділік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесіне үштілділікті еңгізудің өзектілігін көрсету, педагогтердің кәсіби қызметін және құзыреттілігін жақсартуға мүмкіндік беру, үштілділікті дамытуды жүзеге асыруда практикалық көмек көрсету.

Семинар жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері қатысты. Барлығы 50 педагог.

Семинар барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін ықпалдастыра оқыту негізінде балалардың коммуникативтік мәдениетін барынша қалыптастыру үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны, «Телекөпір «Нұр-Сұлтан-Лондон»» танымдық ойын-сауық сабағы, «Үш торай» театрландырылған қойылымы, шеберлік сыныптар, шығармашылық шеберхана, стендтік презентациялар ұйымдастырылып көрсетілді. Ата-аналардың қатысуымен REАDх форматында, отбасылық бос уақытты ұйымдастыру, қарым-қатынас және шығармашылық орта құру, балалардың кітап оқуын насихаттау жұмысы ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылар көптілділікті енгізу қажеттілігі мен маңыздылығы туралы пікірлерімен алмасты.

1
3
2
4
6
5
7
8
9
10
11
11
12
12
13
14
16
15
17
18
20
19
20
21