Облыстық «Отан қорғаушы-2019» әскери-патриоттық ойыны

on .

Облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 27 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, үздік әскери-патриоттық жұмыстарды анықтау және қолдау, өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриоттық сезімді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 03 мамыр күні «Отан қорғаушы-2019» әскери-патриоттық ойыны өткізілді.

Сайысқа аудандық (қалалық) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары қатысты. Барлығы 21 команда, 150 қатысушы.

Қатысушылар «Саптық дайындық»,  «Автоматты бөлшектеу және жинақтау тәртібі»,  «Пневматикалық қарудан ату» және «Кермеге тартылу» түрі бойынша сайыстар өткізілді. Ойынның жеңімпаздары:

-  І орын – Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің командасы, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Б.Х. Жанатаров;

-    ІІ орын - Жоғары аграрлық - технологиялық колледжінің командасы, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы М.У. Амиргалиев;

- ІІІ орын –  Орал ақпараттық технологиялар колледжінің командасы, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы М.И. Аккалиев;

- ІІІ орын – А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің командасы, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.А.Шуйнишев.

Аталымдар:

- «Үздік мерген» – Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің командасы, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Н.З. Утегалиев;

- «Үздік командир» - Құрманғазы атындағы саз колледжінің командасы, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.Д.Куанов.

Сайыстың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттарымен марапатталды.

IMG4320
IMG4335
IMG4325
IMG4375
IMG4353
IMG4395
IMG4423
IMG4404
IMG4440
IMG4483
IMG4508