«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың әдістемесі» атты облыстық онлайн режиміндегі вебинар

on .

 

Вебинарға білім бөлімдерінің, төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі істер департаменті, жедел құтқару жасағының, сауықтыру лагерьлерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары, балалардың сауықтыру орталықтарындағы санитарлық - эпедимиялогиялық талаптарының жағдайы, балалардың жазғы демалыс орталықтарында өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етілуі, су айдындарында  балалардың қаза болуы жағдайларын азайту бойынша іс-шаралар кешені, үйірме жұмыстары арқылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың тиімді жолдары талқыланды.

Вебинар соңында ұсынбалар қабылданып, қорытындыланды.