«Қосымша білім беру - жаңа бағыт, ізденіс, нәтиже» тақырыбында облыстық ашық есік күні

on .

 

          Шараға қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары қатысты. Барлығы – 80 қатысушы.

          Ашық есік күнінің бірінші бөлімінде Балалар шығармашылық үйінің үйірме мүшелерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді.

          Екінші бөлімінде аудандық балалар спорт-кешенінде мектеп музей шеберханасының жұмысы, геоэкология бойынша далалық зерттеулер, спорттық лабиринт, Балалар шығармашылығы үйінде әдістемелік жұмыстың ерекшелігі, кендірлік филигрань, робототехника бойынша бағдарламалау және үлгі жасау бойынша шебер сыныптар оздырылды.  Балалар саз мектебінде өткізілген практикалық сабақтарда оркестр және ансамбль шығармаларын талдау кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, теориялық пәндерін оқытудағы инновациялық әдістерінің тиімділігі, зергерлік бұйымдардың қазақ биінде қолданылуы көрсетілді.

           Ашық есік күні соңында қорытындыланып, ұсынбалар қабылданды.