«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 - БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»педагогикалық қызметкерлердіңтамыз конференциясы аясындағы «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ:ҰСТАНЫМ, РЕФЛЕКСИЯ, ИННОВАЦИЯ»тақырыбындағы ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

on .

2017 жылдың 8 тамыз күні Зеленов ауданы Мичурин жалпы орта білім беретін мектебі базасында педагогтердің жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, әдістемелік жұмыстарды жандандыру, эксперттеу, анықтау және тираждауға ықпал ету мақсатында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогикалық колледж оқытушылары, шағын жинақталған мектептерге жетекшілік ететін мамандар, ресурстық орталықтың директорлары,шағын жинақты мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері мұғалімдері, кітапханашыларға арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту: ұстаным, рефлексия, инновация» тақырыбындағы облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі оздырылды. Педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіне 300-ге жуық педагог қатысты.

Жәрмеңке барысында жаңашыл педагогтер стендтік таныстырылым, шеберлік сыныбы, оқыту семинары, мультимедиялық презентация бағыттары бойынша жұмыстанып, ұтымды идеяларын ортаға салды.

Жәрмеңкеге қатысушылароқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолданып,тәжірибелерімен бөлісіп, көкейтесті сауалдарына жауап ала отырып, өз қоржындарын толықтырды.

Жәрмеңке соңында жаңа оқу жылында білім берудің басым бағыттары мен міндеттері белгіленіп, ұсынымдар қабылдаумен аяқталды.

20170808110610-Small
20170808110426-Small
20170808111057-Small
20170808110938-Small
20170808112343-Small
20170808120132-Small
IMG0010-Small
IMG0016-Small
20170808110610-Small 20170808110426-Small 20170808111057-Small 20170808110938-Small 20170808112343-Small 20170808120132-Small IMG0010-Small IMG0016-Small