Облыстық әдістемелік кеңес отырысының өтуі туралы

on .

 

Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні кезекті облыстық әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жұмысына әдістемелік кабинет меңгерушілері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер талқыланды:

  • Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы: мәселері мен болашағы» экспериментінің жүзеге асырылуы. (МДЖОТжКББҰ облыстық оқу–әдістемелік кабинетінің қазақ тілі және әдебиеті әдіскері Б.Ж.Макзенова);
  •  Жұмыс орнында мұғалімнің кәсіби өсуі жағдайын құруда жетекші   мектептер қауымдастығының әлеуеті (Л.Е.Абакиева, Орал қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері);
  •  Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің сабақтарын әдістемелік ұйымдастыру туралы (Л.С.Тапаева, Р.Р.Дияр,  Сырым, Жаңақала аудандарының  әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері);
  • Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік кабинеттің рөлі туралы (Л.Т.Жолбатырова, А.А. Нургалиева, Бөрлі, Жәнібек аудандарының  әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері);
  • ТжКББ беруде жаңа технологияларды енгізу арқылы оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету (Ж.С.Карманова,  МДЖОТжКББҰ облыстық оқу–әдістемелік кабинетінің әдіскері).

Талқыланған сұрақтардың қорытындысы бойынша облыстық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынды:

1.Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы: мәселелері мен болашағы» экспериментінің жүзеге асырылуы:

-  «Педагогикалық сынып» экспериментін іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру;

- 2017-2018 оқу жылында эксперимент қатысушылары арасында тәжірибе алмасу бойынша жұмысты белсендіру (облыстық, аудандық, мектеп деңгейінде).

2.Облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттеріне, облыстық мектеп басшылары, Орал қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалына:

- білім беру мазмұнын жаңарту және білім беру ұйымдарында практикалық қызмет жағдайында Бағдарламаның инновациялық әлеуетін мейлінше іске асыру үшін жағдай жасау;

- табысты оқыту және педагогтердің құзіреттілігін үздіксіз дамыту мақсатында онлайн курстардың көмегімен педагогтердің біліктілігін арттыруға көмек көрсету;

 - жетекші мектептердің үздік тәжірибелерін трансляциялау;

- педагогтердің оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көшуі және деңгейлік курстардың негізгі идеясын орындау бойынша әдістемелік көмекті жетілдіру, ХХІ ғасырда оқушылардың дағдыларын қалыптастыру;

- жетілдіру үдерісін қолдау және мониторингті жүзеге асыру;

- білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша жұмысты күшейту: білім беру мазмұнын жаңарту («НЗМ» ДББҰ-ның тәжірибесін көрсету), үштілді білім беруді, инклюзивті білім беруді, төмен көрсеткіштегі мектептерді қолдау, ШЖМ дамыту;

- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде қазақстандық сана-сезімді және мәдени сәйкестікті қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдарының қызметін әдістемелік қолдауды жетілдіру; «Туған жер» жобасы шеңберінде тәрбие жұмысы құралдарымен жеке тұлғаның жалпыұлттық құндылығын қалыптастыру.

3. ТжКББ бөліміне, ТжКББҰ басшыларына:

 - ТжКББҰ қызметкерлеріне консалтингтік қызметті ұйымдастыру (жеке, топтық, виртуалды кеңес беру); соңғы педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижелерін түсіндіру және насихаттау;

- ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне  жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу үшін жағдайлар жасау;

- әдістемелік дайындық деңгейіне сәйкес кәсіби топтарды қолдауды жүзеге асыру;

- сапалы іске асыру, тұрақтандыру, тарату және әр кезеңде инновацияның тиімділігіне мониторинг жүргізу.