«Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген бағдарламалар: проблемалар және келешегі» атты дөңгелек үстелді өткізу туралы.

on .

 

         2017 жылғы  21 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  Білім басқармасымен бірлесіп Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген бағдарламалар: проблемалар және келешегі»   атты дөңгелек үстел  оздырылды. Шараның мақсаты- модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген бағдарламаларды енгізудегі кездескен проблемалар бойынша және аталған бағдарламалардың маңыздылығымен  келешегі жөнінде  пікір алмасу.  Дөңгелек үстелге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері қатысты.    

         Жұмыс барысында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру»  және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобалары аясында эксперименттік режімде модульдік бағдарламаларды енгізудегі мәселелер қарастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар Білім және ғылым министрлігінің 2017-2018 жаңа оқу жылының басталуына байланысты ұсынымдар бойынша түсіндірме және қойылған сұрақтарға жауап алды. Жаңа оқу жылынан бастап модульдік технологияны оқу процесіне  эксперимент режимінде енгізуді жалғастыру, колледждер базасында шығармашылық топтар құру, облыстық ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы туралы пікірлер айтылды.

image1
image2