Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар» жас мамандардың облыстық слеті туралы

on .

 

 Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2017 жылдың   24-25 тамыз күндері Зеленов ауданы, Рубежка колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арасында  «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар»  жас мамандардың облыстық  слеті өткізілді.  Облыстық слеттің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандар арасында  шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас  педагогтарды анықтау, оқытушылардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру. 

    Облыстық слет барысында  жас мамандар  «Мен мамандығымды мақтан тұтамын!» тақырыбында топтық жұмыс арқылы өз жобаларын қорғады.  «Өнердің өрі-таланттың төрі» бөлімінде өнерлерін ортаға салды. спорттық шараларда әр топ белсенділіктерін танытты. Ал, «Ел болашағы білікті маман қолында» дөңгелек үстел барысында өзара пікір алмасты, «Ертегі терапиясы» тренингінде өздеріне берілген тапсырмалар бойынша  ертегілерді жаңаша түрлендіріп, сахналық қойылым қойды. Сондай-ақ,  педагогикалық жағдаяттардан шығу жолдарында жас мамандар өз ойларын мағыналы және жоғары деңгейде жеткізе білді. Слетке қатысқан жас мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, ортақ пікірлер айтылды.

   Облыстық слеттің қорытындысында қатысушыларға  Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттары табысталып,  флешмобпен аяқталды.

«Педагогикалық дебют»  аталымымен - Тапалова Жанаргүл Ерболатқызы, Технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Алтын кадр резерві»  аталымымен - Изғалиев Елдар Дидирұлы, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Сенімділік пен еңбек сүйгіштік»  аталымымен - Хазмуханов Нұрболат Маратұлы,  А.Иманов атындағы жол-көлік арнайы пән оқытушысы;

«Табысты бастау»  аталымымен - Жунусов Бактияр Жалғасұлы, А.Иманов атындағы жол-көлік арнайы пән оқытушысы;

«Ортаның шырағы» аталымымен - Чурусова Вероника Александровна, Зеленов колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Қара сөздің шебері» аталымымен - Аханов Самат Иебергенұлы, Орал политехникалық колледжінің  өндірістік оқыту шебері;

«Ойы ұшқыр жас маман» аталымымен - Чебан Лариса Вячеславовна, Рубежка колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Табыс жолында» аталымымен - Иргалиева Светлана Амантайқызы, Рубежка колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Эрудитті көшбасшы» аталамымен-Жұбанғалиев Асыланбек Жанболатұлы,  Қаратөбе колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Актерлік шеберлігі» аталымымен - Гатауова Ақбөбек Асылбекқызы, Қаратөбе колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Дәстүр сақшысы» аталымымен - Акташев Бегайдар, Қаратөбе колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Үздік бастама» аталымымен - Нурушев Азамат Маратұлы, Шыңғырлау колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Жас дарын» аталымымен - Губайдуллина Лаура Артурқызы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің информатика пәнінің оқытушысы;

«Креативті жас маман» аталымымен  - Ниғметов Ерлан Мұхамбетұлы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Ұтқыр маман» аталымымен - Галиаскарова Әсел  Нариманқызы, Орал газ мұнай салалық және технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Өнерпаз маман» аталымымен -Даулетов Мерейбек Оразбайұлы, Орал газ мұнай салалық және технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Шексіз шығармашылығы» аталымымен - Нарынов Аслан Хайсаұлы, Жәнібек колледжі өндірістік оқыту шебері;

«Интелектуалды көшбасшы» аталымымен - Хайрлиев Нұрлыбек Нұрболатұлы, Жәнібек колледжі өндірістік оқыту шебері;

«Табысқа алғашқы қадам» аталымымен - Максутов Мади Серікқалиұлы, Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің  химия, биология пәнінің оқытушысы;

«Өз кәсібінің маманы» аталымымен - Молдашев Ришад Маратұлы, Теректі колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.

DSC05256
DSC05259
DSC05279
DSC05281
DSC05284
DSC05286
DSC05290
DSC05319
DSC05320
DSC05326
DSC05327
DSC05333
DSC05334
DSC05336
DSC05338
DSC05339
DSC05341
DSC05343
DSC05345
DSC05353
DSC05363
DSC05366
DSC05370
DSC05371
20170825123009
20170825122945
20170825162149
20170825162438
DSC05256 DSC05259 DSC05279 DSC05281 DSC05284 DSC05286 DSC05290 DSC05319 DSC05320 DSC05326 DSC05327 DSC05333 DSC05334 DSC05336 DSC05338 DSC05339 DSC05341 DSC05343 DSC05345 DSC05353 DSC05363 DSC05366 DSC05370 DSC05371 20170825123009 20170825122945 20170825162149 20170825162438