Облыстық «Математикалық регата» турнирі.

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жоспарына сәйкес

2017 жылдың 18 қазан күні Орал қаласы А.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ базасында облыстық математика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық  «Математикалық регата» турнирі өткізілді.

Турнирдің мақсаты - шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді  анықтау, өзара бәсекелестікті қалыптастыру, мұғалім мамандығының  қоғамдағы алатын орнын, кәсіби шеберлігін таныту, мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

 Турнирға  15 топ  қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын -  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының «Delta» тобы;

ІІ орын – Зеленов ауданының  «Пифагоршылар» тобы;

ІІІ орын – Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының «Пирамида» және Ақжайық ауданының «Зерделілер»  топтары.

Номинациялар – Орал қаласы «Евклид», «Архимед», Шыңғырлау ауданының «Константа», Казталов   ауданының «Пифагор»  топтары иеленді.

         Турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.