«Үздік әлеуметтік серіктестік»

on .

  2017 жылғы  17 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Білім басқармасымен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арасында «Үздік әлеуметтік серіктестік» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамытуға, жұмыс берушілер мен ТжКБ ұйымдары  арасында өзара іс-қимыл орнатудағы  уәждемені  арттыру.

         Байқауға 15 колледж қатысып,  өз әлеуметтік серіктестіктерін ұсынды. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар аңықталды:

        Бас жүлде «Орал трансформатор зауыты» ЖШС - Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің  әлеуметтік серіктестігі;

       І орын  ЖК «Евенеева» - Сервис және жаңа технологиялар колледжінің әлеуметтік серіктестігі;

       ІІ орын «Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» Бөрлі колледжінің  әлеуметтік серіктестігі; «Қазақавтожол» РМК БҚО филиалының №38 жол пайдалану участкесі - «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің әлеуметтік серіктестігі»;

       ІІІ орын «Ғайни» ШҚ - Шынғырлау колледжінің әлеуметтік серіктестігі, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы  компаниясы» АҚ – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің әлеуметтік серіктестігі,  «AK SALAM  GROUP» ЖШС – Ақсай техникалық колледжінің серіктестігі.