Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2 сынып мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары

on .

2017 жылдың 3 қарашасы күні Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектептері базасында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1, 2 сынып мұғалімдеріне арналған «Рухани жаңғыру-білім сапасының кепілі» тақырыбында бірыңғай оқыту семинарлары оздырылды.

Барлығы:70 педагог қатысты.

Орал қаласының М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлттық ойындар - математика, дене шынықтыру сабақтарында», «Ұлттық нақыштағы қол өнер» көркем еңбек, «Табиғат әуендері» музыка пәндерінен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, «Жаңғыру-жазудан басталады» тақырыбында өткізілген сыныптан тыс шарасы латын әліпбиіне көшу тіліміз үшін жасалған игі қадам екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі базасында семинарды ұйымдастырушылар жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы ерекшеліктерінің бірі – оқу тәрбие  үдерісінде «Өзара қарым-қатынас жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық тәсіл» әдістемелік шеберханасы, «Біріміз бәріміз үшін»  әлеуметтік-психологиялық тренингтер, «Рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту жолдары» тақырыбында бейне көрініс топтамаларын көрсету арқылы өз ойларымен бөлісті.

Семинарлар соңы «Мәңгілік ел құндылықтарының визуалды көрінісі» рефлексиясымен қорытындыланды.

IMAG2292
DSC0070
IMG-20171103-WA0152
IMAG22716